Алматы. 28 шілде. BM.KZ – 2025 жылдың шілде айында Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен, сондай-ақ шетелдік әріптестерімен бірлесе отырып, киберқылмыс жасады деген күдікпен Қазақстан азаматын құрықтады.
Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті шетелдік компаниялардың серверлеріне заңсыз кіріп, зиянды бағдарламалар арқылы компьютерлік деректерді шифрлаған. Кейін осы деректерді қалпына келтіру үшін криптовалюта түрінде төлем талап еткен көрінеді.
Арнайы тінту барысында кибершабуылдарды ұйымдастыруда пайдаланылған заттай айғақтар тәркіленді.
Қазіргі таңда тергеу жалғасып жатыр. Басқа ақпарат жариялануға жатпайды.
