• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Арал қаласының қақпасы жаңарады

Арал қаласының қақпасы жаңарады

30 июля, 2025 Жаңалықтар

Қызылорда. 30 шілде. BM.KZ – Арал қаласында абаттандыру мен құрылыс жұмыстары қарқын алды

Соңғы үш жылда Арал қаласында 104,0 млн теңгеге көппәтерлі 6 тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Соның ішінде тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында 16 пәтерлі тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары биыл аяқталып, пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, қаланың кіреберіс қақпасын қайта жаңғыртуға 15 млн 700 мың теңге бөлініп, ескі қақпаның сыртқы бөлігі жаңартылды. Жарық шамдары қайта орнатылып, қақпа қазақы оюмен әрленді.

Ауданға қарасты елді мекендер ішінде санитарлық тазалық пен абаттандыруға баса назар аударылып, тұрғындар үшін жайлы аймаққа айналған елді мекендердің бірі – Аманөткел ауылы. 2024 жылы аймақта өткен «Үлгілі елді мекен» конкурсында бұл ауыл «Үлгілі ауыл» номинациясы бойынша III орынды иеленді.

Ауыл халқының негізгі кәсібі – балық және мал шаруашылығы. Бүгінде заманауи технологиямен тамшылатып суару әдісі арқылы егін шаруашылығы да қарқынды дамып келеді.

Тоғыз жолдың торабында орналасқан елді мекеннің 5 көшесіне асфальт жол төселіп, 7 көшесіне түнгі жарық шамдары орнатылды. Елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуы, өсу қарқыны мен географиялық орны оның келешегінің кемел екенін аңғартады.

Аманөткел ауылындағы 7 мыңға жуық қаратал, терек және жеміс ағаштары бар саябақ бүгінде тұрғындардың сүйікті демалыс орнына айналған. Ауыл орталығындағы «Тағзым» алаңы мен «Нұртуған» кесенесі аумағына отырғызылған 300-ден астам ағаш қазір күтіп-бапталып жатыр.

Биыл елді мекендегі әлеуметтік нысандардың аумақтары толық абаттандырылып, барлығы 1000-ға жуық ағаш көшеттері егілді.

2025 жылы Арал ауданындағы республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойында жасыл белдеулер құру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Аталған жоспарға сәйкес, Аманөткел елді мекеніне кіре беріс автомобиль жолының бойында жалпы аумағы 0,5 гектарды құрайтын жасыл белдеу құру көзделіп отыр. Қазіргі таңда мұнда 200 түп терек және қара тал ағашы отырғызылды. Жоба 2025-2026 жылдардың көктем және күз айларында демеушілер есебінен жалғасатын болады.

Қаладағы тарихы мен архитектуралық ерекшелігімен танылған Арал теңізі станциясының вокзал ғимараты қазіргі таңда күн тәртібінде тұр. Мемлекет меншігіндегі тарихи-мәдени нысан ретінде оның құрылыс жұмыстары алдағы уақытта нақтыланатын болады.

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасы аясында Қызылорда облысының Арал ауданында санитарлық тазалықты сақтау, абаттандыру және тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстары атқарылды.

Соңғы жылдары аудан аумағында қолға алынған ауқымды жобалармен қатар құрылыс жұмыстары да қарқынды жүргізіліп келеді. Олардың басым бөлігі бүгінде халық игілігіне берілді. Сонымен қатар, бюджет қаражаты есебінен Арал қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлер мен кіреберіс қақпа күрделі жөндеуден өтіп, жаңаша кейіпке енді.

Арал қаласы Қызылорда Таза Қазақстан

Оқылып жатыр

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024848 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Әлем 20 мая, 2026

Астана. 20 мамыр. BM.KZ — АҚШ Конгресі Сенатында алғаш рет Вашингтон әкімшілігінің Иранға қарсы әскери…

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026

Қазақстанда қан компоненттерін QR-код арқылы сәйкестендіру жүйесі енгізілді

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.