• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Шымкентте өрт оқиғалары 72 пайызға артты: мамандар алаңдаулы

Шымкентте өрт оқиғалары 72 пайызға артты: мамандар алаңдаулы

31 июля, 2025 Басты тақырып
Фото: ТЖД Шымкент

Шымкент. 31 шілде. BM.KZ. /Әсел Мәдәліқызы/ – Шымкент қаласында соңғы айларда өрт саны күрт көбейіп, қауіп деңгейі күрделене түсті. 2025 жылдың алғашқы алты айында қалада 225 өрт тіркеліп, бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 72 пайызға жоғары көрсеткіш.

Алайда, шілде айының қорытындысы бойынша өсімнің қарқыны бәсеңдеген – өрт саны 59 пайыздық деңгейде қалып отыр. Соған қарамастан, мамандар тұрғындардан барынша сақ болуды сұрайды. Қаланың бірнеше аумағында – бос жатқан жерлер, құрғақ өсімдік басқан алаңдар мен жеке тұрғын үйлердің маңында өрт қаупі жоғары.
Ең көп өрт тұрғын үйлерде тіркелген – 96 жағдай. Екінші орында – автокөліктердегі өрт, бұл бағытта 58 оқиға орын алған.
Өрт оқиғаларына байланысты мамандар алаңдаушылық білдіріп жатыр. Шымкент қаласының ТЖД өкілдері жыл басынан бері тіркелген фактілердің негізгі себептерін атады.

«Тұрғын үйлердегі өрттердің басым бөлігі 1950–1960 жылдары салынған ескі үйлерде туындайды. Мұндай үйлерде электр желілері тозып, қазіргі заманғы тұрмыстық техникаларға төтеп бере алмайды. Қосымша орнатылған кондиционер, кір жуғыш машина немесе электр пештері жүйеге артық салмақ түсіреді. Бұл – өрттің жиі шығуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі», – дейді Шымкент қаласы ТЖД бастығының орынбасары Сергей Огай.

Сонымен қатар, автокөліктерге қатысты жағдай да күрделі. 1990–2000 жылдары шығарылған, 20 жылдан астам уақыт пайдаланылып жүрген ескі көліктердегі өрт фактілері артып отыр. Мамандар сөзінше бұл техникалардың электр жүйесі әбден тозған, ал оларды жөндейтін кәсіби мамандар мен сапалы техникалық байқау станциялары жетіспейді.

«Шымкенттегі 45–47 градусқа дейін көтерілетін аптап ыстық көліктердің техникалық жағдайына кері әсер етеді. Әсіресе, электр сымдары мен жанармай жүйесі қызып, тұтану қаупін тудырады», – дейді Сергей Огай.

Қауіп қайдан?

Өрттің негізгі себептері:
– Отты абайсыз қолдану (темекі шегу, қоқыс жағу, мангал жағу);
– Электр жабдықтарын пайдалану ережелерін бұзу;
– Істен шыққан тұрмыстық техника (шайнек, пеш, т.б.);
– Балалардың отпен ойнауы;
– Электр желісінің шамадан тыс жүктелуі.

Қаланың қауіпті аймақтары – бақылауға алынған
Қала шетіндегі құрғақ шөпті алқаптар, орманды және екпе аймақтар да өрт қауіпі бар аумақ ретінде есепке алынып, тұрақты бақылауға алынған.
Өрттің алдын алу мақсатында тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін сақтап, от жағуға болмайтын аумақтарда өртке себеп болатын әрекеттерден бас тарту керектігі ескертіледі.

авто өрті қауіпті Өрт ТЖД Шымкент

Оқылып жатыр

SMS-бластер арқылы алаяқтық жасаған қылмыстық топ құрықталды

Британия Канье Уэстке антисемиттік әрекеттеріне байланысты елге кіруге тыйым салды

Астана – Омбы бағытындағы пойыз вагондары жаңартылды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024846 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024472 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024438 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

SMS-бластер арқылы алаяқтық жасаған қылмыстық топ құрықталды

Басты тақырып 8 апреля, 2026

Астана. 8 сәуір. BM.KZ — ТМД елдері аумағында осындай схеманың жолы алғаш рет кесілген жағдай.…

Британия Канье Уэстке антисемиттік әрекеттеріне байланысты елге кіруге тыйым салды

8 апреля, 2026

Астана – Омбы бағытындағы пойыз вагондары жаңартылды

8 апреля, 2026

Суару маусымына дайындық: 526 шақырым канал тазартылды

8 апреля, 2026

Монте-Карлодағы «Мастерс» турнирінде Бублик алғашқы қарсыласын ұтты

8 апреля, 2026

Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимараты өртеніп кете жаздады

8 апреля, 2026

АҚШ пен Иран екі апталық бітімге келді

8 апреля, 2026

Президент Таяу Шығыстың бітімге келу туралы келісімін құптайды

8 апреля, 2026

Шығыс Қазақстан тұрғындарын кене шаға бастады

7 апреля, 2026

NBC TV қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

7 апреля, 2026

Мемлекет басшысы ҚР Үкіметі мен ХҚДБ арасындағы келісімге қатысты құжатқа қол қойды

7 апреля, 2026

Шарын табиғи паркінде Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті

7 апреля, 2026

LRT сынағы барлық 19 құраммен жүргізіле бастады

7 апреля, 2026

Атырауда қоқыс полигоны өртке оранды

7 апреля, 2026

Катонқарағай елдегі ең экологиялық таза қалаға айналады

7 апреля, 2026

Алматыдағы жол апатына кінәлі жүргізуші тергеу изоляторына қамалды

7 апреля, 2026

Әсері күшті дәрілерді заңсыз сату бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды

7 апреля, 2026

Қазақстанда жол-құрылыс маусымы басталды

7 апреля, 2026

Artemis II экипажы Жерден ең алыс қашықтыққа ұшу рекордын жаңартты

7 апреля, 2026

Алматыда 13 жасар қызды әкесінің досы зорлаған: балалар омбудсмені не дейді

26 февраля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.