• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Жұмысқа кешігіп келуге рұқсат

Жұмысқа кешігіп келуге рұқсат

4 августа, 2025 Жаңалықтар
Фото: Massaget

Шымкент. 4 тамыз. BM.KZ/Нұргүл Ерғалиқызы/ – Мемлекеттік қызметтегі ата-аналарға икемді жұмыс кестесі енгізілді. Бұл туралы Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті төрағасының орынбасары Ерболат Әбулхатын мәлімдеді.

Жаңа ережеге сәйкес, енді мектепке немесе балабақшаға баласын апаратын мемлекеттік қызметкерлер таңертең жұмысқа кешігіп келуге рұқсат алады. Бұл бастама ата-аналардың отбасылық жауапкершіліктерін еңбек міндеттерімен тиімді үйлестіруіне мүмкіндік беруді көздейді.

Жаңа жүйе бойынша, ата-аналар таңертеңгі уақытта жұмысқа біршама кешігіп келуіне рұқсат алады, бірақ жұмыс уақытын толық орындауы тиіс.

Мәселен, жұмыс күнін сағат 9:00-де немесе 10:00-де бастауға мүмкіндік бар. Десе де, 8 сағаттық жұмыс уақыты сақталуы тиіс. Яғни, жұмысын 10:00-де бастаған қызметкер кешкі 19:00-ге дейін жұмыста болуы қажет.

Бұл өзгеріс ата-аналарға балаларымен көбірек уақыт өткізуге жағдай жасап, отбасылық міндеттерді жұмыспен қатар алып жүруге мүмкіндік береді. Бірақ, жұмысты да, тыңғылықты атқару керек дейді мамандар.

«Әйелдер азаматтарға тағы бір мамандық қосылды. «Логистик» деген . Өйткені, ол балаларын балабақшаға апарып тастау керек. Немесе жолдасымен бөлісіп. Мектепке алып барып тастау керек. Алып кету керек. Барлығын ойланып, график бойынша алып жүру қажет. Бұрынғы заманмен салыстыру қиын. Балалар бұрын өзі қайтушы еді. Қазір оларды алып кету керек. Қауіпсіздігіне көңіл бөлу керек. Осындай мәселелер көп. Әйел адамдардың функционалдық міндеттері өте көп», — дейді «Қазақстан әйелдерінің республикалық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің филиалы- Шымкент қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы Баян Жандосова.

Қоғамда балалы отбасылардың міндеті көп. Әсіресе, жасөспірім балалары бар аналар, таң азанымен шапқылайтыны рас. Оларға жағдай жасау, елдің міндеті. Бірақ, тәртіпке де бас иген дұрыс дейді Баян Жандосова.

«Тәртіп әр жерде болу керек. Маман ретінде, жұмыс істегің келсе, 8 сағат жұмыс істеу керек. Үкімет осындай жағдай жасап жатса, әр адам, өз сана сезіміне орай жұмысын дұрыстап атқару керек. Өйткені, қазақ келіндеріне қиындау. Жақсы келін болу керек. Бірақ, жұмысынан қалмау керек», — дейді «Қазақстан әйелдерінің республикалық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің филиалы- Шымкент қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы Баян Жандосова.

Көптеген ата-аналар бұл жаңалықты жылы қабылдады. Әлеуметтік желілерде ата-аналар аталған бастаманы қолдап, оның өзектілігін атап өтуде. Десе де, жұмыс беруші тараппен келісім болуы қажет. Өйткені, сіз жұмысқа қабылданбас бұрын, түзілген еңбек шарты бар.

жұмыс кешігі Өзгеріс

Оқылып жатыр

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024848 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Әлем 20 мая, 2026

Астана. 20 мамыр. BM.KZ — АҚШ Конгресі Сенатында алғаш рет Вашингтон әкімшілігінің Иранға қарсы әскери…

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026

Қазақстанда қан компоненттерін QR-код арқылы сәйкестендіру жүйесі енгізілді

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.