• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Қазалыда заманауи мәдени-демалыс инфрақұрылымы қарқынды дамып келеді

Қазалыда заманауи мәдени-демалыс инфрақұрылымы қарқынды дамып келеді

6 августа, 2025 Жаңалықтар

Астана. 6 тамыз. BM.KZ – Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында Қызылорда облысының Қазалы ауданында экологиялық жағдайды жақсарту, халыққа жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру және заманауи демалыс инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қазалы мәдени-демалыс кешені – жаңа тыныс, жаңа серпін

Жуырда ашылған Қазалы мәдени-демалыс кешені аудан тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орнына айналды. Кешен екі негізгі бөліктен тұрады: Жеңіс саябағы және отбасылық демалыс саябағы. Жеңіс саябағы Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойына орай ашылса, отбасылық саябақтың ашылуы 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне тұспа-тұс келді.

Кешен аумағында «Құрметті азаматтар» тақтасы, «Хан тағы», ротонда, пергола, фонтан, шахмат және теннис үстелдері, жарықтандыру жүйелері, велосипед жолақтары, «Даңқ», «Тағзым», «Киелі қазақ елі», «Ғашықтар» аллеялары, спорттық алаңдар және балалар ойын алаңдары орнатылған.

Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлердің қолдауымен мейрамханалар, тамақтану орындары, аквапарк, аттракциондар, картинг, батут сынды демалыс және ойын-сауық нысандары да бой көтерді.

Кешен аумағын көгалдандыру аясында 20 мыңға жуық ағаш көшеттері – қарағай, аққайың, туя, катальпа, үйеңкі және жеміс ағаштары отырғызылды.

Абаттандыру – аудан көркін арттырудың басты бағыты

Аудан орталығында халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында Орталық алаң, «Руханият» орталығы алдындағы сквер сынды нысандар толық абаттандырылды. Жаңа фонтан, брусчаткалар, балалар және тренажер алаңдары орнатылып, ауданның сәулеттік келбеті жаңа деңгейге көтерілді.

Қазалы теміржол вокзалы жаңарып жатыр

Биыл сәуірде тарихи маңызы бар, 120 жылдық Қазалы теміржол вокзалына «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ қаржыландыруымен күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Жоба аясында ғимарат іргетасы мен қабырғалары нығайтылып, шатыр, есік-терезелер толық жаңартылып, жолаушыларға арналған күту залдары заманауи стандарттарға сай жабдықталады.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қолжетімділік элементтері мен қауіпсіздік жүйелері орнатылады. Сонымен қатар, вокзал маңын көгалдандыру және брусчатка төсеу жұмыстары да қарастырылған. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстарының басым бөлігі аяқталуға жақын.

Бұдан бөлек, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасы аясында өңірдің барлық елдімекенінде санитарлық тазарту, абаттандыру және көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілу үстінде.

Бүгінде тазалық шараларына барлығы 190 мыңнан аса (191 663) ерікті, қоғам қайраткерлері, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері қатысты.

Нәтижесімен 8 мың тонна (8 125) астам қоқыс қалдықтары шығарылып, елдімекендердегі 471 сквер мен пар, 221 тарихи-мәдени ескерткіш, 998 әлеуметтік нысан (мектептер, бала-бақшалар, спорт, денсаулық сақтау және т.б.), 2 820 өнеркәсіп және бизнес нысаны, 35 су объектісі (өзендер, көлдер, жасанды су айдындары, субұрқақтар, арықтар және т.б),  мен 23 124 көшенің бойы (4 025 көпқабатты үй мен 19 099 жер үйдің аулалары) тазартылды. Оған 540-тан аса техника (545) жұмылдырылды.

Жыл басынан бері облыс бойынша өңірдің климатына сәйкес жерсінетін 240 700 дана қарағаш, терек және сырталының көшеттері егілді.

инфрақұрылым Қазалы ауданы Қызылорда облысы

Оқылып жатыр

Ұлттық банк футболдан Әлем чемпионатына арналған коллекциялық монеталар шығарады

Алдағы күндері күн күрт суытады

SMS-бластер арқылы алаяқтық жасаған қылмыстық топ құрықталды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024846 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024472 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024438 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Ұлттық банк футболдан Әлем чемпионатына арналған коллекциялық монеталар шығарады

Басты тақырып 8 апреля, 2026

Астана. 8 сәуір. BM.KZ — Оларды неміс нумизматикалық компаниясымен серіктестікте дайындаған. Қазақстан Ұлттық Банкі «Спорт»…

Алдағы күндері күн күрт суытады

8 апреля, 2026

SMS-бластер арқылы алаяқтық жасаған қылмыстық топ құрықталды

8 апреля, 2026

Британия Канье Уэстке антисемиттік әрекеттеріне байланысты елге кіруге тыйым салды

8 апреля, 2026

Астана – Омбы бағытындағы пойыз вагондары жаңартылды

8 апреля, 2026

Суару маусымына дайындық: 526 шақырым канал тазартылды

8 апреля, 2026

Монте-Карлодағы «Мастерс» турнирінде Бублик алғашқы қарсыласын ұтты

8 апреля, 2026

Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимараты өртеніп кете жаздады

8 апреля, 2026

АҚШ пен Иран екі апталық бітімге келді

8 апреля, 2026

Президент Таяу Шығыстың бітімге келу туралы келісімін құптайды

8 апреля, 2026

Шығыс Қазақстан тұрғындарын кене шаға бастады

7 апреля, 2026

NBC TV қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

7 апреля, 2026

Мемлекет басшысы ҚР Үкіметі мен ХҚДБ арасындағы келісімге қатысты құжатқа қол қойды

7 апреля, 2026

Шарын табиғи паркінде Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті

7 апреля, 2026

LRT сынағы барлық 19 құраммен жүргізіле бастады

7 апреля, 2026

Атырауда қоқыс полигоны өртке оранды

7 апреля, 2026

Катонқарағай елдегі ең экологиялық таза қалаға айналады

7 апреля, 2026

Алматыдағы жол апатына кінәлі жүргізуші тергеу изоляторына қамалды

7 апреля, 2026

Әсері күшті дәрілерді заңсыз сату бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды

7 апреля, 2026

Қазақстанда жол-құрылыс маусымы басталды

7 апреля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.