• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Әскерилер тұрғын үй төлемдерін сол күйі қалдыруды талап етіп, петиция жариялады

Әскерилер тұрғын үй төлемдерін сол күйі қалдыруды талап етіп, петиция жариялады

7 августа, 2025 Басты тақырып
Фото: gosrating.com

Астана. 7 тамыз. BM.KZ – Әскери қызметшілер тұрғын үй төлемдерінің қолданыстағы шарттарын сақтауды, өзгерістердің кейіннен күшіне енуіне жол бермеуді талап етіп, петиция жариялады. Петиция gosrating.com сайтында жарияланған.

Нақтырақ айтқанда, тұрғын үй төлемдері бойынша қазіргі жағдайды нашарлатпай сақтап қалуды, қызметін өткеріп жүрген әскери қызметшілерге әсер ететін өзгерістердің кейіннен күшіне енуіне жол бермеуді талап еткен. Сондай-ақ, кез келген реформаны әзірлеу кезінде әскери қызметшілердің пікірін ескеріп, Қорғаныс министрлігі, әскери қызметшілер мен қоғам өкілдерінің қатысуымен ашық талқылау өткізуді сұрайды.

Өз азаматтарының қауіпсіздігі үшін күн сайын өмірін қатерге тігетін жандар алдында мемлекет өз міндеттемелерін орындауға тиіс деп санайды.

Айта кетейік, 1 шілдеден бастап қызметке кірген тұлғаларға «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға мемлекеттік органдар қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерін беру тәртібіне қатысты бірқатар өзгерістерді көздейтін түзетулер енгізу ұсынылған еді. Бұл талаптар оған дейін істеп жатқан қызметкерлерге қолданылмайды.

Атап айтқанда, тұрғын үй төлемдерін алу құқығын прокуратура қызметкерлеріне, азаматтық қорғау қызметіне және экономикалық тергеп-тексеру қызметінің қызметкерлеріне де лауазым тізбесі бойынша тарату ұсынылады. Қазіргі уақытта мұндай төлемдер тек әскери қызметшілерге, арнайы мемлекеттік органдардың, ішкі істер органдарының, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне ғана қарастырылған.

Құқық қорғау органдарының 20 жылдан астам қызмет өтілі бар қызметкерлеріне мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығы беріледі. Қазір мұндай құқық тек әскери қызметшілерде, арнайы мемлекеттік органдар мен ішкі істер органдары қызметкерлерінде ғана бар. Сонымен қатар, тұрғын үй төлемдері енді тек 90 шаршы метр тұрғын үйге ғана есептелетін болады. Қазіргі кезде мұндай шектеу мүгедектігі бар адамдарға, көпбалалы отбасыларға және жетім балаларға арналған әлеуметтік тұрғын үй беру кезінде қолданылады.

Қазір әскери қызметшілер мен арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері жұмыстан босатылған кезде біржолғы тұрғын үй төлемдерін алады. Жаңа ережелерге сәйкес, бұл төлемдердің құны тек ипотека бойынша қалған берешекті өтеуге ғана бағытталмақ.

әскери баспана ипотека прокуратура төлем тұрғын үй

Оқылып жатыр

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024848 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Әлем 20 мая, 2026

Астана. 20 мамыр. BM.KZ — АҚШ Конгресі Сенатында алғаш рет Вашингтон әкімшілігінің Иранға қарсы әскери…

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026

Қазақстанда қан компоненттерін QR-код арқылы сәйкестендіру жүйесі енгізілді

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.