Астана. 11 тамыз. BM.KZ – Халықаралық террористік ұйым қызметіне қатысты деген күдікті Қазақстан азаматы кеше ҰҚК қызметкерлерінің сүйемелдеуімен Астана қаласына жеткізілді. Бұған дейін ол Таяу Шығыс елдерінің бірінде ұсталған болатын.
Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 257-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Бүгінде сот санкциясымен қамауға алынған.
Іс құпиялығына сәйкес, бұдан өзге ақпарат жарияланбай отыр.
