• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Желіде танымал болған ақтаулық полицей өзін қолдағандарға алғысын білдірді

Желіде танымал болған ақтаулық полицей өзін қолдағандарға алғысын білдірді

13 августа, 2025 Басты тақырып

Астана. 13 тамыз. BM.KZ – Ақтау қалалық полиция басқармасының подполковнигі Лейла Саидова әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан кейін жұрт назарын аударды. Ондағы подполковниктің сұлулығын әйгілі актриса Моника Беллуччиға теңеп жатқандар бар. Baimedia.kz көпшілік ықыласына бөленгенн сол полиция қызметкеріне хабарласып, жағдайдың мән-жайын біліп, сонымен бірге, өзі жайында да біраз жайға қанықты.

Видео авторы полицейді салғырттық пен қызметтік міндетін орындамады деп айыптаған еді. Ал жұртшылық оның орнына подполковниктің ажарлы көркіне тамсанып, негізгі мәселе көмескіленіп қалды. Өзінің айтуынша, полиция сапында 18 жылдан бері еңбек етіп келеді, 41 жаста, отбасылы, бір ұл тәрбиелеп отыр. Сөзіне қарағанда, бала күнгі арманы болғандықтан, осы салаға өз таңдауымен келген.

Фото: Лейла Саидованың жеке архиві

«Мен үшін әрдайым адалдық пен әділдіктің маңызы зор. Полицияда қызмет ету үлкен жауапкершілік пен ауыр еңбек, қауіп пен сынға толы жұмыс. Кейде бәрін тастап кеткің келетін сәттер болады. Ондайды әр полицей бастан өткереді», — дейді ол.

Фото: Лейла Саидованың жеке архиві

Ал қызметтен тыс былайғы кезде уақытын туған-туысы мен жақындарына арнап, қарапайым тіршілік ететінін айтады. Құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін әйелдің мінезі мықты, төзімді әрі әділдікті жақтап отыруы керек деген ұстанымда. Ал әлеуметтік желілерде аяқасты танымал болып кеткеніне аса мән бермейтінін айтады.

Фото: Лейла Саидованың жеке архиві

Мұндай оқыс жағдайға қызмет барысында алғаш рет тап болған ол сол шулы оқиға болған сәтте барынша сабырлы болуға тырысқанын жеткізді. Есесіне, содан бері өзіне қолдау білдірген барша жанға алғысын білдірді.

Айта кетейік, тамыздың басында әлеуметтік желіде Ақтаудағы әкімшілік полиция ғимаратында түсірілген даулы бейнежазба тараған еді. Онда әйел адам полиция қызметкерінен қызметтік куәлігін көрсетуді талап етеді. Бірақ, тәртіп сақшысы барынша салқынқанды болуға тырысып, жағдайды ушықтырмауға тырысады.

Video Ақтау Лейла Саидова полиция

Оқылып жатыр

Президент Таяу Шығыстың бітімге келу туралы келісімін құптайды

Катонқарағай елдегі ең экологиялық таза қалаға айналады

Алматыдағы жол апатына кінәлі жүргізуші тергеу изоляторына қамалды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024846 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024472 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024438 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимараты өртеніп кете жаздады

Жаңалықтар 8 апреля, 2026

Астана. 8 сәуір. BM.KZ — Қазіргі кезде полиция қызметкерлері әкімдік ғимаратын қоршауға алған. Оқиға орнында…

АҚШ пен Иран екі апталық бітімге келді

8 апреля, 2026

Президент Таяу Шығыстың бітімге келу туралы келісімін құптайды

8 апреля, 2026

Шығыс Қазақстан тұрғындарын кене шаға бастады

7 апреля, 2026

NBC TV қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

7 апреля, 2026

Мемлекет басшысы ҚР Үкіметі мен ХҚДБ арасындағы келісімге қатысты құжатқа қол қойды

7 апреля, 2026

Шарын табиғи паркінде Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті

7 апреля, 2026

LRT сынағы барлық 19 құраммен жүргізіле бастады

7 апреля, 2026

Атырауда қоқыс полигоны өртке оранды

7 апреля, 2026

Катонқарағай елдегі ең экологиялық таза қалаға айналады

7 апреля, 2026

Алматыдағы жол апатына кінәлі жүргізуші тергеу изоляторына қамалды

7 апреля, 2026

Әсері күшті дәрілерді заңсыз сату бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды

7 апреля, 2026

Қазақстанда жол-құрылыс маусымы басталды

7 апреля, 2026

Artemis II экипажы Жерден ең алыс қашықтыққа ұшу рекордын жаңартты

7 апреля, 2026

Алматыда 13 жасар қызды әкесінің досы зорлаған: балалар омбудсмені не дейді

26 февраля, 2026

Астана әуежайындағы ұшу-қону жолағы жабылады: Air Astana рейстеріне өзгеріс енгізіледі

26 февраля, 2026

Алматыда 8 келі метамфетамин тәркіленіп, күдікті қамауға алынды

26 февраля, 2026

Алматыдағы даулы оқиғадан кейін курьерлерге қойылатын талап күшейеді

26 февраля, 2026

Бүгін республика жолдарындағы ахуал қандай

26 февраля, 2026

Куба жағалауында атыс болды: қаза тапқандар мен жараланғандар бар

26 февраля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.