Шымкент. 13 тамыз. BM.KZ – Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кадрларда Руслан Берденовтың көлікті айналып қашып бара жатқаны, ал Ернар Жиембайдың аңшы мылтығымен оны қуып, қатарынан бес рет оқ атқаны көрінеді.
Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша сот отырысында алғаш рет қастандықтың бейнежазбасы көрсетілді.
2025 жылдың 21 сәуірінде әкімдік ғимаратының жанында оған қарулы шабуыл жасалған. Ол оң жақ сан және иық тұсынан жарақат алып, ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды.
Ал оны атқан – Ернар Жиенай бұрын Берденовтің қоластында «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің бұрынғы директоры болған. Ол оқиға орнында ұсталып, әрекеті «кісі өлтіруге оқталу» ретінде бағаланып, қылмыстық іс қозғалды.
Ұсталған сәтінде Берденовтің жүргізушісі араласып, Ернарды көлікпен қағып, оның оқ атуына кедергі жасаған.
2025 жылдың 25 маусымында қылмыстық істің тергеуі аяқталып, материалдар прокуратураға, содан кейін сотқа жіберілді.
Ал 28 шілдеде алдын ала тыңдауда прокуратура мотивті жұмыс бабындағы жанжал деп анықтады. Органның пайымынша, Жиенбай кеңестен кейін жұмыстан босатылып, кек алуға бел буған.
Руслан Берденов болса, айыпталушының сотта айтқан уәждерін «бопсалау» және «манипуляция» деп атады.
