Астана. 14 тамыз. BM.KZ — Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылдың қаңтар-маусым айларында өңірлерден елордаға тұрақты қоныс аударғандар саны 80,4 мың адамды құрады. Бұл- өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25%-ға көп және соңғы 15 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.
Астана екі жыл қатарынан өңірлерден қоныс аударушылар саны бойынша Алматыны басып озды. Биыл елордаға көшіп келгендердің басым бөлігі Ақмола облысынан (14,5 мың адам), Түркістан облысынан (7,9 мың) және Алматы қаласынан (7 мың).
Ал бас қаладан өңірлерге кеткендер саны — 43,6 мың адам. Көшу бағыты бойынша көш басында: Ақмола облысы (11,5 мың), Алматы (5,7 мың) және Түркістан облысы (3,9 мың).
Нәтижесінде елордаға таза көші-қон ағыны 36,8 мың адамды құрап отыр. Ал шетелден келгендер арасында Алматы көш бастап тұр — 1,8 мың адам, Астанада бұл көрсеткіш 1 мыңға тең.
Жұрт Астанаға ағылып жатыр. Елорда қоныс аударушылар бойынша көш басында
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы
