АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен өтетін алғашқы кездесуден жақсы нәтиже күтетінін айтты. Алайда ол одан да маңыздысы – саммиттен кейінгі екінші кездесу болатынын мәлімдеді. Бұл кездесуге Украина президенті Владимир Зеленский мен Еуропа елдерінің кейбір лидерлері де қатысуы мүмкін.
Трамптың айтуынша, Аляскада өтетін алғашқы саммит – кейінгі ауқымды келіссөздерге дайындық қана. Ол екінші кездесуді алғашқы саммиттен кейін мүмкіндігінше тез өткізуге ниетті екенін де жеткізді.
«Бұл кездесуді көп ұзамай ұйымдастырған жөн. Мүмкін, Аляскада өткізіп қоярмыз, себебі бұл әлдеқайда ыңғайлы», – деді АҚШ президенті.
Сонымен бірге Трамп Путинмен келіссөздерді сый ретінде қабылдауға болмайтынын қатаң ескертті.
«Путин мәміле жасағысы келеді. Егер мен президент болмасам, ол бүкіл Украинаны басып алар еді. Бірақ мен президентпін, ол менімен әзілдеспейді», – деді Трамп.
