БҚО. 15 тамыз. BM.KZ — 10 тамыз күні Орал қаласындағы Зачаганск кентінде орналасқан Бірлік көшесінде ауыр әрі қайғылы оқиға тіркелді. Қоқыс контейнерлерінің бірінен жаңа туған сәбидің денесі табылды.
Оқиға орнына шұғыл жеткен полиция қызметкерлері аумақты қоршауға алып, тиісті тергеу амалдарын жүргізді. Қазір баланың анасын жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Мән-жайды нақтылау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Тиісті органдар тұрғындарды мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін құқықтық және адамгершілік жауапкершілікті естен шығармауға шақырады.
