Астана. 18 тамыз. BM.KZ — Ақмола облысында жеңіл моторлы ұшақ құлап, салдарынан екі адам – ұшқыш пен жолаушы – қайтыс болды. Оқиға кеше болған. Бұл туралы Көліктегі ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ресми ақпаратқа сәйкес, апаттан кейін өрт шықпаған. Қайғылы оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.
Аталған дерек бойынша Астана станциясындағы желілік полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 344-бабының 3-бөлігі (Әуе көлігін пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап кеткен.
Апатқа ұшыраған әуе көлігі — жекеменшікке тиесілі, UP-LA-229 маркалы аса жеңіл ұшақ. Тергеу мүддесіне сай, процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды.
