Астана. 18 тамыз. BM.KZ — «Қазақстан» телерадиокорпорациясының басқарма төрайымы Ләззат Танысбай 6 жылдан соң қызметінен кетіп бара жатқанын мәлімдеді.
Қазақ телевизиясының қарашаңырағы саналатын ұйымда бұған дейін талай жетекшілердің өзіне лайық қолтаңбасы қалды. Бұл сабақтастық жалғасын табуы қажет. Уақытпен бірге басшылардың да алмасып, ұйым жұмысына жаңа тыныс, жаңа серпін беріліп отыруы керек деп есептеймін. Бұл шешіміме қолдау білдірген сала министріне алғыс айтамын. Мен әрі қарай да отандық телевизия саласының дамуына еңбек етемін», – деді ол корпорация жетекшілерімен кездесуде.
Л.Танысбай «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясын 2019 жылдың сәуірінен бері басқарып келді. Ол енді бүгіннен бастап «Евразия» Бірінші арнасына» жетекшілік етеді. Бұл – 1997 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан республикалық телеарна.
