• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Астанада жыл сайыңғы «KAZCHESS AWARDS — 2024″ сыйлығы табысталды

Астанада жыл сайыңғы «KAZCHESS AWARDS — 2024″ сыйлығы табысталды

3 апреля, 2024 Саясат

Елордада дәстүрлі «KazChess Awards» сыйлығы табысталды. Биыл қатарынан екінші жыл аталған жүлдемен үздік спортшылар, жаттықтырушылар, төрешілер және Қазақстанда шахмат спортының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген азаматтар марапатталды. Биыл номинациялар тізімі 12 санатқа дейін кеңейтілді, өткен жылы 9 номинация болған.

Салтанатты іс-шараға Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов, сондай-ақ атақты спортшылар, еңбек сіңірген жаттықтырушылар және өзге де тұлғалар қатысты.

Марапаттау рәсімінде Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев құттықтау сөз сөйлеп, кейінгі жылдары елімізде шахмат спорты қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Қазіргі таңда республика бойынша 7 мың секция жұмыс істейді, онда 200 мыңнан астам адам айналысады.

«Ең алдымен осы іс-шараның маңыздылығын атап өткім келеді. Бұл марапат спортшылардың елдегі шахматты дамытудағы еңбегін бағалау мақсатында ұйымдастырылған және республикалық, халықаралық деңгейде спорттың осы түрін одан әрі танымал етуге, спортшылардың кәсіби шеберлігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді. Мемлекет басшысы еліміздегі шахматты қолдау мен дамытуға ерекше көңіл бөледі. Осы бастаманың арқасында республикада шахматты дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді», — деді Ермек Маржықпаев.

Жеңімпаздар Қазақстан шахмат федерациясы президиум мүшелерінің дауыс беру жолымен таңдалды. Жеңімпаздарды анықтау кезінде спортшылардың халықаралық және республикалық жарыстардағы жеке көрсеткіштері ескерілді.

«Ерлер арасында үздік спортшы» аталымы – Алдияр Аңсат
«Әйелдер арасында үздік спортшы» аталымы – Ксения Балабаева
«Жыл үміті» аталымы – Данис Қуандықұлы
«Жыл бапкері» аталымы – Павел Коцур, Александр Моисеенко
«Өрлеу – 2024» аталымы – Зарина Нұрғалиева
«Үздік төреші» аталымы – Кәусар Бауыржан
«Ерлер арасында үздік ардагер» аталымы – Айтқазы Баймұрзин
«Әйелдер арасында үздік ардагер» аталымы – Ирина Буланова
«Жылдың үздік партиясы» аталымы – Әлішер Сүлейменов
«Үздік шахмат шолушысы» аталымы – Александр Ляхов
БАҚ арасында жыл серіктесі – Курсив
«Үздік команда» аталымы – ҚР ұлттық әйелдер құрамасы
«Үздік телеарна» — Qazsport

Сондай-ақ Тимур Турловтың шешімімен Бибісара Асаубаеваға 40 млн теңге көлемінде федерация президентінің гранты тағайындалды.

Айта кету керек, спорттың осы түрін дамытуға бағытталған «Мектептегі шахмат» жобасы аясында бүгінде 983 мектепте зияткерлік ойын сабақтары өткізіледі. Оның ішінде 110 мектепте міндетті пән ретінде оқытылады. Сондай-ақ 2023 жылы 2 мыңнан астам қатысушыны қамтыған әуесқойлар арасында шахматты насихаттауға бағытталған «Шахмат керуені» республикалық жобасы іске асырылды.

Fire

201edited 21:35

Оқылып жатыр

АҚШ пен Иран екі апталық бітімге келді

Мемлекет басшысы ҚР Үкіметі мен ХҚДБ арасындағы келісімге қатысты құжатқа қол қойды

Украина мен Ресей келіссөздерінің келесі кезеңі қайда өтуі мүмкін

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024846 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024472 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024438 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Абай облысында жоғалып кеткен 3 жасар бала аман табылды

Басты тақырып 8 апреля, 2026

Астана. 8 сәуір. BM.KZ — Абай облысында айдалада жоғалып кеткен сәбиді облыстық полиция департаментіне қарасты…

Елорда дәрігерлері науқастарды емдеуге бөлінген 675 млн теңгені қалтаға басқан

8 апреля, 2026

Ұлттық банк футболдан Әлем чемпионатына арналған коллекциялық монеталар шығарады

8 апреля, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

8 апреля, 2026

SMS-бластер арқылы алаяқтық жасаған қылмыстық топ құрықталды

8 апреля, 2026

Британия Канье Уэстке антисемиттік әрекеттеріне байланысты елге кіруге тыйым салды

8 апреля, 2026

Астана – Омбы бағытындағы пойыз вагондары жаңартылды

8 апреля, 2026

Суару маусымына дайындық: 526 шақырым канал тазартылды

8 апреля, 2026

Монте-Карлодағы «Мастерс» турнирінде Бублик алғашқы қарсыласын ұтты

8 апреля, 2026

Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимараты өртеніп кете жаздады

8 апреля, 2026

АҚШ пен Иран екі апталық бітімге келді

8 апреля, 2026

Президент Таяу Шығыстың бітімге келу туралы келісімін құптайды

8 апреля, 2026

Шығыс Қазақстан тұрғындарын кене шаға бастады

7 апреля, 2026

NBC TV қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

7 апреля, 2026

Мемлекет басшысы ҚР Үкіметі мен ХҚДБ арасындағы келісімге қатысты құжатқа қол қойды

7 апреля, 2026

Шарын табиғи паркінде Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті

7 апреля, 2026

LRT сынағы барлық 19 құраммен жүргізіле бастады

7 апреля, 2026

Атырауда қоқыс полигоны өртке оранды

7 апреля, 2026

Катонқарағай елдегі ең экологиялық таза қалаға айналады

7 апреля, 2026

Алматыдағы жол апатына кінәлі жүргізуші тергеу изоляторына қамалды

7 апреля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.