Астана. 19 тамыз. BM.KZ — Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев теміржол локомотивтері паркін жаңарту туралы айтып берді. Бүгінде локомотивтер паркі 1,9 мың бірлікті құрайды.
«Жаңарту бағдарламасына сәйкес, 2029 жылға дейін барлығы 456 локомотив сатып алу жоспарланып отыр. Локомотивтерді жеткізушілер – қазақстандық «Электровоз құрастыру зауыты», «Локомотив құрастыру зауыты» және Қытайдың CRRC компаниясы», — деді көлік министрі.
АҚШ-тың Wabtec компаниясының деректері бойынша, қазір Қазақстанда қолданыста жүрген локомотивтер заманауи және тиімді техникалар, олар болашақтың тасымал талаптарына толық сәйкес келеді.
