Астана. 19 тамыз. BM.KZ – Бүгіннен бастап Ақорданың ресми жаңалықтары ұлттық Aitu мессенджерінде де жарияланады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Aitu – Chocofamily Holding компаниясы әзірлеген қазақстандық мессенджер және супер-қосымша. Ол WhatsApp немесе Telegram сияқты жұмыс істейді, бірақ Қазақстанға бейімделген қосымша функцияларға ие. Aitu арқылы хабарламалар жіберіп, дауыстық және бейнеқоңыраулар жасауға, жаңалық арналарын, сервистер мен чат-боттарды қолдануға болады. Сонымен қатар eGov және басқа да сервистермен интеграцияланған, сондықтан шоттарды, айыппұлдар мен салықтарды төлеуге мүмкіндік береді. Қолданушыларға белсенділігі үшін Aitu Coin бонустары беріледі, оларды жеңілдіктер мен сыйлықтарға айырбастауға болады. Қосымшада ойындар да бар, олар да монета табуға көмектеседі. Сондай-ақ, әлеуметтік желі секілді ашық парақшалар жүргізіп, адамдар мен компанияларға жазылуға болады.
Aitu ресми түрде Қазақстанның ұлттық мессенджері ретінде ұсынылып отыр, қазақ және орыс тілдерінде қолданылады әрі мемлекеттік және қаржылық сервистермен белсенді үйлестіріліп жатыр.
