• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » «Жала жапты» демеңіздер, ол болған нәрсе». Ернар Жиембай мен әкесі алғаш рет тілшілерге сұхбат берді

«Жала жапты» демеңіздер, ол болған нәрсе». Ернар Жиембай мен әкесі алғаш рет тілшілерге сұхбат берді

20 августа, 2025 Жаңалықтар
Коллаж: BM.KZ

Шымкент. 20 тамыз. /Нұргүл Ерғалиқызы/ — Атышулы Берденов сотының ақыры айыпталушы Ернар Жиембайды 9 жылға соттаумен бітті. Бірақ олардың әлі апелляциялық шағым беру мүмкіндігі бар. Үкім оқылғаннан кейін Ернар Жиембай алғаш рет журналистерге өзін түсіруге рұқсат беріп, үкімге қатысты өз ұстанымын білдірді.

«Үкіммен келіспеймін. Өлтіру ниетім болмаған. Руслан Арысбекұлының «мені өлтірмекші болды» деп қорқыныштан айтып жатқан сандырағы деп ойлаймын. Өздеріңіз видеода көргендеріңіздей, өлтіретін болсам, ол кісіні қаштырмас едім», – дейді ол.

Тілшілер одан «қанша жыл күттіңіз?» деп сұрады.

«Осы 9 жыл болса, 9 жыл. Бірақ әділі адам өлтіру ниетінсіз, 106, «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабымен… Себебі, нақты аяқталған қылмыс сол, денсаулығына ауыр зиян келген, болды. Биологиялық өлім келмеген», – деп жауап қатты.

Сондай-ақ, журналистер сот отырысы барысында неге келіншегі туралы айтпағанын білді.

«Айттым ғой, енді оны адами қасиет деп айтуға болады. Ол кісі операцияға кірейін деп жатты. Оны қазір ұрысып, қан қысымын көтеріп керегі жоқ деп ойлаймын», – деді.

Ал бұлай қорқытуға барған себебі, өзінің айтуынша, біріншіден, шақырып алып, себепсізден себепсіз дөрекілік көрсеткен. «Тупойсың», «шашың түсіп қалған» деген.

«Кәдімгідей тұрып, жағамнан ұстады, көмекшілері айтпайды оны. Өздеріңіз көрдіңіздер, көмекшісі де, құрылыс басқармасының басшысы да айтты. Руслан Берденов құрылыс басқармасының басшысына: «Жиембайды соттатам, себебі, көмекшіме мінез көрсетті» деп айтқан. Соған мән бермедіңіздер», – дейді Ернар Жиембай.

Сонымен қатар, әкесі Жиенбай Пірәлиев те үкімнен кейін тілшілер алдына шығып, жағдайды толық баяндап, келініне қатысты әңгіменің болғанын, бірақ сотта ашып айтылмай кеткенін растады. Оның айтуынша, Берденов өзінің шекарасынан өтіп кеткен.

«Менің келінім өсіп-өнген жердің қызы. Соған лайк басып, тағы да басқа әрекеттер бар, енді оның бәрін балам отбасын сақтап қалу үшін ішіне жұтып кетті. Сіздер оны «жала жапты» деп ойламаңыздар. Ол болған нәрсе», – дейді Жиенбай Пірәлиев.

Сондай-ақ, Берденовті ату себебі де бекер болмағанын, жеке шекарасынан өтіп кеткендіктен болғанын тағы нақтылады.

«Не үшін атты? Менің балам жынды емес. Бекерден-бекер барып атпайды ғой. Ол өтіп кеткен шекарасынан менің баламның. Бес оқ атты деп. Намысына тиген. Шешенстанда болса, әйеліңе лайк басса, басқа бір нәрсе істейтін болса, сотсыз-ақ атып өлтіретін еді. Біз алдына барып, кешірім сұрап жүрдік. Біз неге ресми мәлімдеме жасадық? Келін неге ресми мәлімдеме жасады? «Сіздер БАҚ-қа шықпайсыздар…» Біз «шықпаймыз» дедік. Бірақ, кешірім жоқ. Сот барысында болған нәрселердің 50 пайызы ғана ақпарат жүйесінде жарияланды. Қалғандары айтылмады. Тергеуге бізді қатыстырмады. Тергеу біржақты өтті. Берденовтің костюмдері экспертизаға берілмеген. 45 күннен кейін алып келіп берді. Оны да мен жаздым», – деді әкесі.

Соған қоса, Ернар Жиембайдың жұмыс барысында 3,5 млрд теңге қаражатқа қатысты қауесетіне түсініктеме бере кетті.

«Ол ЖШС сол жердегі тұрғын үйлердің сыртын, шатырын істейтін мекеме. Оның ақшасының бәрін төлейтін тұрғын үйдің адамдары, несиемен мойындарына жазылады. Ол жұмыстың барысында тұрғындардың өздері шығып, қарап, қай жерін істету керек, қай жерін істетпеу керек – сметасын өздері бірге құрады. Себебі, ертең төлейтін солар. Сол ақпаратты алып, барлығы Берденовтің жағына қарай бұрып, «3,5 млрд ақша жымқырылыпты» дейді. Соның ақ-қарасына жетпей, небір қаралау деректері болды. Бірақ мен соған қарамастан, барлық БАҚ-қа рахмет айтам. Барлық жайды дұрыс бейнелеп, дұрыс жазып жатқандарыңызға үлкен рахмет!», – деді ол.

Айта кетейік, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атқан Ернар Жиембайға қатысты сот процесі екі айға жуық созылып, соңында айыпталушыны 9 жылға соттаумен біткен еді.

Берденов Ернар Жиембай жала Жиенбай Пірәлиев келін сот үкім Шымкент

Оқылып жатыр

«Мен де қосыламын»: Рыбакина теннисшілердің бойкотына үн қосты

Алан – Қазақстанда жаңа туған ұл балаларға ең жиі берілетін есім

Ақтөбе облысында тағы бір әкім өз-өзіне қол жұмсады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024847 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

«Мен де қосыламын»: Рыбакина теннисшілердің бойкотына үн қосты

Жаңалықтар 6 мая, 2026

Астана. 6 мамыр. BM.KZ – Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Үлкен дулыға турнирлерінің сыйақы қорына…

Алан – Қазақстанда жаңа туған ұл балаларға ең жиі берілетін есім

6 мая, 2026

Ақтөбе облысында тағы бір әкім өз-өзіне қол жұмсады

6 мая, 2026

Пара бергені үшін іздеуде жүрген қазақстандық Грузиядан елге қайтарылды

6 мая, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

6 мая, 2026

Терроризм туралы жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады – ІІМ

20 апреля, 2026

Үндістанда отшашу фабрикасында болған жарылыстан 23 адам қаза тапты

20 апреля, 2026

Қазгидромет еліміздің 14 өңірінде қолайыз ауа райы болатынын ескертті

20 апреля, 2026

АҚШ-тағы атыс: сегіз баланы өлтірген күдікті олардың жетеуінің әкесі болып шықты

20 апреля, 2026

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінде жеңіске жетті

20 апреля, 2026

Қазақтың танымал ақыны Мұхтар Шаханов өмірден өтті

20 апреля, 2026

Каспийде итбалықтар қырылды

18 апреля, 2026

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінде жеңіске жетіп, жартылай финалға өтті

18 апреля, 2026

БҚО-да 61 жастағы ер адамның мәйіті табылды

17 апреля, 2026

Туристер саяхат кезінде нені ескеруі керек

17 апреля, 2026

Әділет Алмат дзюдодан Азия чемпионы атанды

17 апреля, 2026

1 млн доллар жымқырған күдікті Германияда ұсталды

17 апреля, 2026

4 мыңнан аса тегін препарат сатылған — ДСМ

17 апреля, 2026

Шақырту қағазы, медкомиссия, кейінге қалдыру: әскерге шақыру туралы не білу керек?

17 апреля, 2026

Қарағанды облысындағы жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды

17 апреля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.