Алматы облысы. 20 тамыз. BM.KZ – Хасан Қасымбаевқа қатысты қылмыстық іс Талғар аудандық сотында қарала бастады. Бұл туралы Казинформ жазды.
Ол Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айыпталып отыр: адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және қорқытып алу.
Қасымбаевпен бірге тағы 5 айыпталушы сот алдында жауап беріп жатыр. Процеске екі адвокат және екі жәбірленуші қатысу үстінде.
Істі судья Айнагүл Тукубаева жүргізіп жатыр. Ол журналистердің сот залына қатысуына рұқсат бергенімен, жәбірленушілер мен айыпталушыларды қоса алғанда, қатысушыларды фото және бейне түсіруге тыйым салды.
Еске сала кетейік, Қасымбаев 2024 жылғы 2 қарашада 2021 жылдың маусымында жасалған қасақана ауыр дене жарақатын келтіру және адам ұрлау ісі бойынша күдікпен ұсталған болатын. Кейін оған тағы бір айып — қорқытып алу тағылды.
Хасан Қасымбаевтың есімі қазақстандықтарға Талғардағы 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болаттың өліміне байланысты кеңінен белгілі болды. Әлеуметтік желілерде оны «Хуторские» атты қылмыстық топпен байланыстырды.
Алайда ІІМ мұндай ұйымдасқан топтың барын жоққа шығарып, Қасымбаевтың жасөспірімді өлтіру ісіне қатысы жоқ екенін мәлімдеген еді.
2024 жылдың сәуірінде Алматы облыстық полиция департаменті Қасымбаевқа қатысты тергеу аяқталғанын хабарлаған болатын.
