Астана. 21 тамыз. BM.KZ — Жыл басынан бері елімізге мотоцикл типіндегі орындықпен жабдықталған, нарықта жақсы өтетін төрт доңғалақты 25,7 мың техника әкелінді. Бұл көрсеткіш бұған дейінгі 2015-2024 жылдар аралығындағы көрсеткішпен салыстырғанда едәуір көп. Яғни, 10 жыл ішінде импортталған барлық көлемнен 30%-ға артқан. Тек маусым айының өзінде 10 мыңнан астам техника шекарадан өткен.
Ресми түрде бұл көліктер Еуразиялық экономикалық одақтың тауар номенклатурасында ұзақ сипаттамамен берілген. Яғни, жоғары өтімді, төрт доңғалақты моторлы көлік құралдары, екі немесе төрт жетекші доңғалағы, мотоцикл типіндегі орындық, екі алдыңғы дөңгелекке арналған қолмен басқарылатын тұтқа, жолсыз жерде жүруге арналған шиналар және артқа жүру мүмкіндігі бар трансмиссиясы бар деп көрсетілген. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл квадроцикл деп танылған.
Көліктердің басым бөлігі, Қытай елінен жеткізілген. Сондай-ақ, олар негізінен арзан санаттағы техникалар қатарына жатады.
Қытайлық бір техника бірлігінің орташа бағасы, 430 долларды құрайды. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда төмен. Ал, басқа елдермен салыстырғанда айырмашылығы айқын. Мәселен, Мексикадан келген дәл осындай техника 12,6 мың доллар тұрады. Ал, Канададан келген техниканың құны 10,3 мың доллар.
Алайда, техника елге көп кіргенімен, Қазақстаннан сыртқа шығарылу жағайы төмен. Яғни, экспорт жоқтың қасы. 2025 жылдың алғашқы 6 айында бар болғаны 3 техника экспортталған. Олардың әрқайсының орташа құны 11,6 мыңды долларды құраған.
Жалпы алғанда Қазақстанда квадроцикл санатындағы көліктерге деген ерекше жоғары сұраныста.
