• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Алматының таза ауасы арманға айналып барады

Алматының таза ауасы арманға айналып барады

22 августа, 2025 Жаңалықтар
Фото: ortcom.kz

Алматы. 22 тамыз. BM.KZ – Еліміздегі халық саны ең көп қалада атмосфералық ауаның ластану деңгейі жыл сайын өсіп келеді. Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі мен жасыл энергетика жөніндегі жобалық офис дерегіне қарағанда, былтыр мониторинг бекеттерінде зиянды заттардың шекті рұқсат етілген мөлшерінен асып кету 31 960 рет тіркелген.

Ең көп таралған ластаушылар қатарында көміртек пен азот оксидтері, күкірт диоксиді, озон және қалқымалы бөлшектер – PM 2,5 пен PM 10 бар.

Ресми түрде 2,3 миллионнан астам тұрғыны бар оңтүстік астана тұрғындары соңғы жылдары құрамында улы заттары шектен тыс ауа жұтып жүр. Атап айтқанда, кейінгі 10 жылдың 9-ында ауадағы улы қоспалар «жоғары» деңгейде деп бағаланған. Тек 2017 жылы ғана көрсеткіш сәл төмендеп, «көтеріңкі» деңгейді көрсеткен. Онда да атмосфераның ластану индексі 5-6-ны көрсетіп тұр. Ал 2023 жылы тексеру нәтижесі утты заттардың құрамы «өте жоғары» екенін байқатады.

«Қазгидромет» деректеріне қарағанда, 2015-2016 және 2018-2021 жылдары ластану индексі (АЛИ) 7-8 аралығын құраған.

Мамандар қала экологиясының нашарлауын бірнеше фактормен байланыстырады. Алматы ойыс жерде орналасқандықтан, ауа алмасу табиғи түрде баяу жүреді. Соңғы жылдардағы ретсіз құрылыс пен көлік санының күрт артуы жағдайды ушықтыра түскен. Салдарынан еліміздегі ең ірі қала жарты жыл бойы түтін мен тұман астында қалып отыр. Мұны кейінгі кезде әлеуметтік желіде дабыл қаққан тұрғындар видеосынан да аңғаруға болады.

Қала ауасын ең көп ластайтындардың бірі – жылу электр станциялары мен қала маңындағы пешпен жылытылатын үйлерден шығатын түтін. Сонымен қатар, автокөліктердің шығарындылары да атмосфераны улайтын негізгі факторлардың қатарында.

Айта кетейік, қазір Алматы ауасын бақылау үшін 16 стационарлық бекет жұмыс істейді. Оның төртеуінде тәулігіне үш рет 22 түрлі көрсеткіш өлшенсе, қалған 12 автоматты станция әр 20 минут сайын негізгі жеті ластаушы затты тіркейді.

Экологтар қалада ауа сапасын жақсарту үшін көліктік жүктемені азайтып, энергетикадағы ескі технологияларды жаңарту қажеттігін айтады. Әйтпесе, Алматы тұрғындары үшін түтінсіз таңның арманға айналуы ғажап емес.

Алматы атмосфера ауа ластану экология

Оқылып жатыр

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024848 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

Басты тақырып 19 мая, 2026

Астана. 19 мамыр. BM.KZ – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айттың бірінші күні, 27 мамырда…

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026

Қазақстанда қан компоненттерін QR-код арқылы сәйкестендіру жүйесі енгізілді

14 мая, 2026

Қызылорда облысында 14 жыл бұрынғы жасөспірім өлімі ашылды

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.