• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » «J Lo-ның костюмі қысып тұр екен, екі минутта кеңейтіп бердік»

«J Lo-ның костюмі қысып тұр екен, екі минутта кеңейтіп бердік»

22 августа, 2025 Басты тақырып
Фото: BM.KZ

Елордалық тігінші әлемге әйгілі әншінің сахналық киімдерін қалай дайындағанын айтып берді. 

Белгілі әнші Дженнифер Лопестің Астанадағы концерті кезінде костюмерлер командасы 15 сағат бойы жұмыс істеген. Осы аралықта елордалық тігіншілер әнші мен оның бишілерінің 50-ден астам сахналық костюмін реставрациялаған. Концерт кезінде америкалық әншінің костюмерлер командасына елордалық тігіншілер қызмет көрсеткен. Оның арасында модельер-конструктор Абдулманап Мұратов та болды.

«Желімдеуге рұқсат бермеді, қолмен тігіп шықтық»

Абдулманап жұмыс істейтін компанияға Джей Лоның концертінде костюмерлер командасына қосылып, жұмыс істеу туралы ұсыныс түскенде тамсанып қалғанын айтады. Бұл уақытта концертке бір ай қалған еді. Ал бір апта қалғанда командада жұмыс істейтін он адамды іріктеп алған. Кейіпкеріміз солардың бірі болған.

«Бір күн қалғанда «Астана аренаға» өзіміздің жұмыс құрал-жабдықтарымызды апарып орнаттық. Ұйымдастырушылар алдын ала қажет құралдардың прайсын жіберген, одан бөлек өзіміз керек болып қалады-ау деген заттарды ала бардық. Заттарымызды үш көлікпен жеткіздік. Стадионда тек әнші мен оның командасы және біз ғана кіріп жүрген арнайы бөлмелер болды. Өйткені, бізге 3 түрлі рұқсат берілді: бейдж, жапсыратын бейдж бен білезік. Осы үшеуімен залға да, сахнаның артына да – кез келген жерге баруға рұқсат етіледі. Ондай рұқсат тіпті, концерт ұйымдастырушыларында да болған жоқ», – дейді Абдулманап.

Модельер жігіт әлемдік жұлдыздың сахналық образдары концертке қалай дайындалғаны жайында да айтып берді. Оның сөзінше, қазақстандық костюмерлер командасы концерт күні сағат таңғы 08:00-де стадионға жиналған. Бас костюмер келіп не істеу керек екенін түсіндірген. Әр костюмде киетін адамның аты-жөні жазылған. Алдымен соны ретімен ілу, жұбымен жинап қою, су болғанын кептіру жүктелген. Одан соң реставрациялайтын костюмдерді бөлек жинау тапсырылған.

Коллаж: BM.KZ

«Бас костюмер нақты қай костюмдердің реставрацияланатынын өзі бөліп берді. Мен ағылшынша білмеймін, бірақ командада тілді жетік меңгергендер болды. Сондықтан не істеу керек екенін түсіндік. Костюм дайындауға тігін машинасын қолдануға болмайды, тек қолмен тігу қажет екені айтылды. Өйткені, костюмдердің бәрі қолмен тігілген. Ең қиыны сол. Өйткені әр страза, пайеткені бір-бірлеп қолмен тігуге тура келді. Мысалы, қызыл костюміндегі стразалардың пішіндері әр түрлі. Соның әрқайсын дәл келтіріп, тігіп шықтық. Желімдеуге рұқсат бермеді. Себебі, страза болған соң оны жууға болмайды. Тек спирт пен басқа да қоспасы бар арнайы сұйықтықты сеуіп тазартады. Желіммен жабыстырса, спирт тигенде иіс шығады екен. Сондай-ақ, қара пайеткасы бар костюмі болды. Бишілер бір-біріне жақындағанда кейбір пайеткелары ілініп, жұлынып қалған. Соларды да тігіп шықтық», – дейді ол.

«Костюмдеріне бізге дейін реставрация жасалмаған»

Бұған қоса, оның айтуынша, киімнен бөлек, әнші мен бишілерінің аяқ киімдерінің табанына тайдырмайтын арнайы мата жабыстырып шыққан.

«Бір рет реставрация жасалған киім бірден көрінеді. Бір қызығы, оның костюмдеріне бізге дейін реставрация жасалмаған екен. Қанша елде концерті болды, неге жасалмағанын сұрадық. Естіген жауабымыз таңғалдырды. «Қаншама елде болдық, жақсы тігінші болмайды, кейде тіл білмейді, сіздердің жақсы жасап жатқандарыңызды көрген соң, жасап алуды жөн көрдік» деді. Басында біткен соң концерт көреміз деген ой болған еді. Бірақ ән кеші жүріп жатқанда біз киім тігіп отырдық», – дейді Абдулманап.

Фото: instagram

Оның сөзінше, тек кезекпен 15-20 минутқа шығып көріп келіп отырған. Сол күні түскі ас ішуге небәрі 20 минут қана уақыттары болыпты. Бәрінің бар ойы киімдерді тігіп бітіру болған.

«Концерт кезінде бас костюмер жүгіріп келіп, «жүріңдер» деді. Барсақ Джей Лоның костюмі қысып тұр екен. Соны 2 минут ішінде сөгіп, кеңейтіп тігіп бердік. Әнші мен бишілерінің жүзден астам костюмі болды, соның 50-60 пайызын реставрациялап шықтық. Оның ішінде сахнада мүлдем кимеген костюмдер де болды. Оның сахналық киімдері негізінен боди костюм», – дейді Мұратов.

Фото: instagram

Айтуынша, бас костюмер сурет пен видеоға түсіруге тыйым салған. Түсіргеннің өзінде тек әншінің жоспарланған барлық концерті өткен соң ғана жариялауға болатынын ескерткен. Концерт аяқталған соң әншінің командасы келіп, қазақстандық тігіншілердің жұмысын жоғары бағалып, алғыс айтқан.

«Тігін туралы ой маза бермеді»

31 жастағы елордалық бұған дейін түрлі жеке кәсіппен айналысқан, соның бірі ателье болған. Алайда ателье ашып, ішінде киім тігіліп жатса да өзі киім пішуді не тігуді білмеген. Тек қажетті мамандарды жұмысқа алып отырған.

«Сол кезде «өзім тігін ісін үйренсем» деп армандайтын едім. Ательем шамамен бір жылдай жұмыс істеді. Сол кезде әнші Қарақат пен Қыдырәлінің гала концертіне киім тігуге тапсырыс түсті. Концертте бір әнші мен бір бала шығып ән айтты. Солардың киімін дайындап бердік. Коронавирус пандемиясы басталғанда ательені жабуға тура келді. Егер сол кезде өзім пішіп, тіге білгенде жабылмайтын еді. Кейін қоғамдық тамақтану ісімен айналысып көрдім. Бірақ қай кәсіппен айналыссам да тігін туралы ой маза бермеді», – дейді тігінші.

Сөйтіп жүргенде арада бірер жыл өткен соң «Joltap» жобасы туралы естиді. Еске салсақ, бұл – Астана әкімдігінің халықты еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға оқытып, табысын арттыруды көздейтін жоба. Кейіпкеріміз 2 жыл соған қатысып, алдымен модельер-конструктор, одан соң тігін ісі мамандығы бойынша курс оқып шығады.

«Оған дейін тігінші дайындайтын түрлі курсқа бардым. Алайда алғашқы сабақты көрген соң көңілімнен шыға бермейтін. Өйткені жаңа үйреніп бастағанда түрлі сұрақ туындайды. Оған толық жауап алмаған соң ұнатпаймын. Бұл жолы да тегін болған соң жүрдім-бардым өтетін шығар деген күдік болғаны жасырын емес. Бірақ оқу барысы өзім ойлағаннан жақсы болды. Әр детальді егжей-тегжей түсіндіріп, модельер-конструктор мен тігіншіге қажетті базаны қалыптастырып берді. Оқуды аяқтаған соң заманауи ұлттық киім-кешек тігетін отандық DALA BRAND компаниясына жұмысқа тұрдым. Сол жерде жұмыс істеп жатқаныма 2,5 жыл болды», – деп қосты ол.

Айта кетейік, Абдулманап Мұратов киім тігумен қатар сөмке тігуді армандайтынын жасырмады. Қазір ол сөмке тігу ісін бастауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, Миланға барып, білімін жетілдіріп, сән әлемінде із қалдырсам деген мақсаты бар.

Нұрай Халық,

BM.KZ

J Lo астана Дженнифер Лопес киім концерт костюм

Оқылып жатыр

Алан – Қазақстанда жаңа туған ұл балаларға ең жиі берілетін есім

Ақтөбе облысында тағы бір әкім өз-өзіне қол жұмсады

Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024847 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

«Мен де қосыламын»: Рыбакина теннисшілердің бойкотына үн қосты

Жаңалықтар 6 мая, 2026

Астана. 6 мамыр. BM.KZ – Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Үлкен дулыға турнирлерінің сыйақы қорына…

Алан – Қазақстанда жаңа туған ұл балаларға ең жиі берілетін есім

6 мая, 2026

Ақтөбе облысында тағы бір әкім өз-өзіне қол жұмсады

6 мая, 2026

Пара бергені үшін іздеуде жүрген қазақстандық Грузиядан елге қайтарылды

6 мая, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

6 мая, 2026

Терроризм туралы жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады – ІІМ

20 апреля, 2026

Үндістанда отшашу фабрикасында болған жарылыстан 23 адам қаза тапты

20 апреля, 2026

Қазгидромет еліміздің 14 өңірінде қолайыз ауа райы болатынын ескертті

20 апреля, 2026

АҚШ-тағы атыс: сегіз баланы өлтірген күдікті олардың жетеуінің әкесі болып шықты

20 апреля, 2026

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінде жеңіске жетті

20 апреля, 2026

Қазақтың танымал ақыны Мұхтар Шаханов өмірден өтті

20 апреля, 2026

Каспийде итбалықтар қырылды

18 апреля, 2026

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінде жеңіске жетіп, жартылай финалға өтті

18 апреля, 2026

БҚО-да 61 жастағы ер адамның мәйіті табылды

17 апреля, 2026

Туристер саяхат кезінде нені ескеруі керек

17 апреля, 2026

Әділет Алмат дзюдодан Азия чемпионы атанды

17 апреля, 2026

1 млн доллар жымқырған күдікті Германияда ұсталды

17 апреля, 2026

4 мыңнан аса тегін препарат сатылған — ДСМ

17 апреля, 2026

Шақырту қағазы, медкомиссия, кейінге қалдыру: әскерге шақыру туралы не білу керек?

17 апреля, 2026

Қарағанды облысындағы жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды

17 апреля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.