Астана. 25 тамыз. BM.KZ — Қазақстан Ұлттық Банкі 2025 жылғы 27 тамызда ҚҰБ-тың https://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА 30 ЖЫЛ коллекциялық монеталары сатыла бастайтынын хабарлайды.
Монеталар алтын жалатылған 925 сынамды күмістен жасалған. Массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1 000 теңгелік, таралымы – 1 000 (бір мың) дана.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.
Айта кетейік, бұған дейін аталған монеталардың дайындалғаны туралы жазған болатынбыз.
