Астана. 27 тамыз. BM.KZ — 2025 жылғы 6 тамызда АҚШ-тың Нью-Йорк Оңтүстік округі бойынша Округтік соты дәлелдемелерді зерттеу арқылы өткен тыңдау қорытындысында талапкерлер – Алматы қаласы мен «БТА Банк» АҚ пайдасына шешім шығарып, Ілияс Храпуновты сотты құрметтемеу айыбымен кінәлі деп таныды. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігі хабарлады.
Бұрын қабылданған 221 285,31 доллар төлеу туралы бұйрыққа қосымша ретінде, Федералдық судья Джон Г. Кёлтл Храпуновтың өз активтері туралы тұрақты есеп беруге міндеттеген соттың айқын әрі нақты нұсқауын бұзғанын анықтады. Мұндай есептерді ұсыну міндеті оған бұған дейін сотты құрметтемегені үшін кінәлі деп танылғаннан кейін жүктелген болатын.
Жаңа бұйрыққа сәйкес, Ильяс Храпунов өзіне қатысты шығарылған сот шешімдерін орындау үшін активтері мен қаржы алуға жасалған әрекеттері туралы толық мәліметті тұрақты түрде ұсынуға міндетті, әйтпесе оған қосымша қаржылық санкциялар қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ, ол Алматы қаласы мен БТА Банктің сотты құрметтемеуіне байланысты шығындарын өтеуге міндеттелді.
