Астана. 27 тамыз. BM.KZ – 25 тамыз кешке АҚШ-тың Финикс қаласында алып шаңды дауыл соқты. Бұл туралы The Arizona Republic жазды.
Дауыл оңтүстік-шығыстан көтеріліп, сағат 17:00 шамасында Сан-Тан-Вэлли ауданын басып өткен де бір сағат ішінде Финикстің орталығына жеткен. Табиғи құбылыспен бірге нөсер жаңбыр мен қатты жел соққан.
Salt River Project компаниясының дерегінше, қалада 41 мыңнан астам абонент жарықсыз қалған.
Сағат 17:30-да АҚШ-тың Федералды авиация басқармасы Скай-Харбор әуежайынан ұшып шығуды уақытша тоқтатқан. Шектеу жарты сағаттан кейін алынып, рейстер орта есеппен 15 минутқа кешіккен. Сағат 18:55-тегі мәлімет бойынша, үш рейс тоқтатылып, 104-і кешіктірілді, бір ұшақ басқа әуежайға бағытталған.
Дауылдың салдарынан әуежайда су кетіп, өзге де зақым келген.
