Астана. 28 тамыз. BM.KZ — 2025 жылдың көктемінен бастап халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік құралдарының орташа қозғалыс жылдамдығын тіркеу жүйесі жұмыс істеп жатыр. Бақылау камералары жолдардың түзу аумақтарында орнатылған, онда орташа жылдамдық қашықтықты жүріп өтуге жұмсалған уақыт бойынша есептеледі.
Қазавтожол мәліметінше, биылғы наурыз-тамыз айларындағы талдау деректері бойынша орташа жылдамдықты арттырудың 109 мыңнан астам дерегі анықталған.
Ең көп ережебұзушылық тіркелген аумақтар:
- Шымкент – Қызылорда – 54 863,
- Астана – Щучинск – 29 330,
- Астана – Павлодар – 18 188.
Ең аз ережебұзушылық мына бағыттарда байқалды:
- Павлодар – Семей – Қалбатау – 3 882,
- Шымкент – Тараз – 1 980,
- Павлодар – РФ шекарасы (Омбы) – 526,
- Орал – РФ шекарасы (Саратов) – 365,
- Жібек Жолы – Теміртау – 164.
Мына аумақтарда орташа жылдамдыққа бақылау жүргізілетінін естеріңізге саламыз:
- Астана – Щучинск (жылдамдық шектеуі 140 км/сағ),
- Астана – Павлодар (140 км/сағ),
- Шымкент – Қызылорда (110 км/сағ),
- Шымкент – Тараз (110 км/сағ),
- Павлодар – Семей-Қалбатау (100–110 км/сағ),
- Орал – РФ шекарасы (Саратов) (100 км/сағ),
- Павлодар – РФ шекарасы (Омбы) (100 км/сағ),
- Жібек Жолы – Теміртау (140 км/сағ).
