Петропавл. 29 тамыз. BM.KZ – Оқыс оқиға, 27 тамыз күні Петропавл қаласында орын алған. Қаладағы ойын-сауық орталықтарының бірінде бала эскалатордан құлап кетті.
Балақай ағасымен бірге эскалатор маңында ойнап жүрген, ал ата-анасы жанында болмаған.
Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мамандар орталықтағы қауіпсіздік талаптарының сақталуын, бейнебақылау және қауіпсіздік жүйелерінің жұмысын жан-жақты зерделеп жатыр.
«Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тексеру нәтижелері іс жүргізу шешімі қабылданып, тиісті алдын-алу шаралары қолға алынады»,- делінген құзырлы орган хабарламасында.
Бұл жағдай, балалардың қоғамдық орындарда үлкендердің қарауынсыз жүруі қауіп төндіретінін тағы бір мәрте дәлелдеді. Осыған байланысты тиісті органдар қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттігін ескертіп жатыр. Сондай-ақ, ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне мұқият болуды ұсынады.
