Астана. 29 тамыз. BM.KZ – Софияда (Болгария) өтіп жатқан кадеттер арасындағы дзюдодан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медальға қол жеткізді.
60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ернұр Батырғали финалда Тәжікстан спортшысы Лоик Кудбудиновты жеңіп, чемпион атанды.
Осылайша, жас дзюдошы Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды.
Ұлттық құрама қоржынында жалпы төрт жүлде бар:
🥇 Ернұр Батырғали (60 келіге дейін)
🥈 Мұхаммедәлі Жылқайдар (66 келіге дейін)
🥉 Қайрғали Ролан (66 келіге дейін)
🥉 Арман Мыса (50 келіге дейін)
