• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » «Шардараның суы 90%-ға тартылған»: Еріктілер су қоймасының жағдайына алаңдайды

«Шардараның суы 90%-ға тартылған»: Еріктілер су қоймасының жағдайына алаңдайды

2 сентября, 2025 Басты тақырып

Редакциямызға Шымкент қаласының тұрғыны, Роман Ли есімді азамат хабарласып, Шардара су қоймасының деңгейіне байланысты алаңдаушылық білдірген болатын. Оның айтуынша, су қоймасының айдыны шамамен 90%-ға дейін азайған.

«Түркістан облысының оңтүстігінде орналасқан Шардара су қоймасындағы күрделі жағдайға байланысты хабарласып отырмын. NASA спутниктік суреттерінің мәліметтері бойынша, су қоймасының айдыны шамамен 90%-ға дейін азайған. Бұл – су қоймасы тарихындағы ең ауқымды тартылу жағдайы болуы мүмкін. Аталған мәселе өңірдің экожүйесіне, халықты ауызсумен қамтамасыз етуге және Сырдария өзенінің ауыл шаруашылығындағы стратегиялық маңызын ескерсек, тұтас аймақтың экономикалық тұрақтылығына айтарлықтай қауіп төндіреді. Өкінішке қарай, бұл жағдайға байланысты қазіргі таңда билік немесе уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан ресми түсініктеме берілген жоқ», – деді Шымкент қаласының тұрғыны Роман Ли.

«Қазсушар» РМК Түркістан филиалы мамандарының айтуынша, 2024–2025 жылғы қыс мезгілінде қар мөлшері әдеттегіден төмен болған. Осыған байланысты, өзендерде табиғи ағын судың азаюы орын алып, су тапшылығы сезілген. Десе де, бұл мәселе реттелді дейді. Әзірге ешқандай қауіп жоқ.

«2025 жылғы 15 сәуірдегі дерекке сәйкес, су қоймаға 4 799 млн.м³ су жиналған. Бүгінде Шардара су қоймасында 238 млн.м³ су бар. Қазіргі таңда, вегетациялық суғару кезеңі аяқталуға жақын. Соған байланысты су шығымы қысқартылып, деңгейі тұрақтандырылды. Алдағы кезеңдерде жоғарыдан келетін суды жинау жұмыстары жүргізіледі. 2024–2025 жылғы қыс мезгілінде қар мөлшері әдеттегі деңгейден төмен болды. Бұл өзендерге түсетін табиғи ағын судың азаюына алып келді. Сонымен қатар, жауын-шашын да климаттық нормадан төмен түсті. Су шығымы қысқартылып, келіп түскен су қоймаға жиналуда. Қауіп жоқ», –  деп мәлімдеді «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының баспасөз қызметі.

Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда төніп тұрған қауіп жоқ. Бұл – қысқы және көктемгі мезгілдерде келетін судың көлеміне байланысты дейді.

Айта кету керек, қала тұрғындарына су «Шардара сервис» МКК арқылы қоймадан алынып, арнайы тазарту жүйесінен өткізіліп беріледі. Сонымен қатар, Шардара су қоймасынан Шардара, Арыс, Отырар аудандары және Қызылорда облысының егістік алқаптары су алады.

Нұргүл Ерғалиқызы, 

BM.KZ

еріктілер су қоймасы Шардара

Оқылып жатыр

Алан – Қазақстанда жаңа туған ұл балаларға ең жиі берілетін есім

Ақтөбе облысында тағы бір әкім өз-өзіне қол жұмсады

Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024847 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

«Мен де қосыламын»: Рыбакина теннисшілердің бойкотына үн қосты

Жаңалықтар 6 мая, 2026

Астана. 6 мамыр. BM.KZ – Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Үлкен дулыға турнирлерінің сыйақы қорына…

Алан – Қазақстанда жаңа туған ұл балаларға ең жиі берілетін есім

6 мая, 2026

Ақтөбе облысында тағы бір әкім өз-өзіне қол жұмсады

6 мая, 2026

Пара бергені үшін іздеуде жүрген қазақстандық Грузиядан елге қайтарылды

6 мая, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

6 мая, 2026

Терроризм туралы жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады – ІІМ

20 апреля, 2026

Үндістанда отшашу фабрикасында болған жарылыстан 23 адам қаза тапты

20 апреля, 2026

Қазгидромет еліміздің 14 өңірінде қолайыз ауа райы болатынын ескертті

20 апреля, 2026

АҚШ-тағы атыс: сегіз баланы өлтірген күдікті олардың жетеуінің әкесі болып шықты

20 апреля, 2026

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінде жеңіске жетті

20 апреля, 2026

Қазақтың танымал ақыны Мұхтар Шаханов өмірден өтті

20 апреля, 2026

Каспийде итбалықтар қырылды

18 апреля, 2026

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінде жеңіске жетіп, жартылай финалға өтті

18 апреля, 2026

БҚО-да 61 жастағы ер адамның мәйіті табылды

17 апреля, 2026

Туристер саяхат кезінде нені ескеруі керек

17 апреля, 2026

Әділет Алмат дзюдодан Азия чемпионы атанды

17 апреля, 2026

1 млн доллар жымқырған күдікті Германияда ұсталды

17 апреля, 2026

4 мыңнан аса тегін препарат сатылған — ДСМ

17 апреля, 2026

Шақырту қағазы, медкомиссия, кейінге қалдыру: әскерге шақыру туралы не білу керек?

17 апреля, 2026

Қарағанды облысындағы жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды

17 апреля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.