Астана. 2 қыркүйек. BM.KZ — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесу барысында атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты жан-жақты талқылағанын атап өтті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысының айтуынша, екі ел арасындағы ауқымды серіктестіктің сипаты ерекше.
«Біз бұл салаға Қытай технологиясын тартуға және осы бағытта білікті мамандар даярлауға мүдделіміз. Бұл мәселе бойынша төраға Си Цзиньпинмен кездесу кезінде мазмұнды пікір алмасу болды. Атом саласындағы ынтымақтастықты егжей-тегжей талқыладық. Бұл бағыт бойынша өзара ықпалдастығымыздың келешегі зор екенін атап өттік. Екі ел осы салада стратегиялық серіктестер болу керек деп уағдаластық», – дейді мемлекет басшысы.
