Алматы. 3 қыркүйек. Әйелді жұмысқа салу үшін шетел асырмақ болғандар құрықталды.
Алматы қаласының прокуратурасы мен ҰҚК қалалық департаментінің үйлестіруімен, Интерпол және Қазақстанның Оман Сұлтандығындағы Елшілігінің қолдауымен, азаматшаны шетелге заңсыз еңбекке тарту және әкету әрекеті тоқтатылды деп хабарлады ҚР Бас Прокуратурасы.
Тексеру барысында зардап шеккен әйелдің ұзақ уақыт бойы «Ханифа» есімді шетелдік азаматпен байланыста болғаны анықталды. Ол азамат әйелге Таяу Шығыс елдерінің бірінде жақсы жұмысқа орналасуға көмектесетінін айтып, бірнеше рет ұсыныс жасаған. Уәде етілген тиімді жұмыс жағдайларына сенген әйел жақындарына ескертпестен, өз бетімен шетелге ұшып кеткен.
Алайда, Оман Сұлтандығының халықаралық әуежайына келген сәтінде жүргізілген жедел шаралар нәтижесінде ол ұсталып, сол күні Қазақстанға қайтарылды.
«Алматы қаласының прокуратурасы шетелдерде жұмысқа орналасу туралы ұсыныстарды алған кезде азаматтар алаяқтармен адам сатушылардың құрбаны болмас үшін қырағылық танытулары және ақпараттың дұрыстығын тексерулері керектігін ескертеді»,-деп жазылған мәлімдемеде.
