Алматы. 3 қыркүйек. BM.KZ – Қазақстандық TikTok блогері өзіне назар аударту және «хайп» қуу үшін өзін табытқа салды.
Қызықтың жетегінде кеткен ол, өзін тірідей көмген. Бұл сәтті әлеуметтік желі қолданушысы тікелей эфирде көрсеткен.
Атақ қуған азаматтың жөнсіз әрекетіне қатысты қалалық полиция департаменті пікір білдірді.
«Алматы қаласының полиция департаменті аталған факті бойынша тексеру жұмыстарын жіргізеді. Сонымен қатар, ҚР заңына сәйкес шешім құқықтық баға беріледі»,-деп жазылған мәлімдемеде.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін, Астанада 33 жастағы блогер әдепсіз видео жариялап, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынған болатын. Ол, түсірген бейнероликте мекеме қонақтарына тиіскен сәті, бейәдеп қылықтары мен балағат сөздер айтқан сәті көрініс тапқан.
