Астана. 3 қыркүйек. BM.KZ – Қазақстан Республикасы халықаралық арбитражда кезекті жеңіске жетті.
Әділет министрлігінің хабарлауынша, 1997 жылғы Қазақстан мен Қырғыз Республикасы арасындағы екіжақты инвестициялық келісімге байланысты Евгений Белавинің арыздануымен ЮНСИТРАЛ арбитраждық ісі Гаага қаласында қаралды.
Белавин Қазақстаннан 34 миллиард АҚШ долларынан астам өтемақы талап еткен.
Алайда 2025 жылғы 1 қыркүйекте Арбитраждық трибунал істі дереу тоқтату туралы шешім қабылдап, Белавинді сот пен ППТС шығындарын толық өтеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арбитраж барысында кеткен барлық шығындарын жабуға міндеттеді.
Трибунал Қазақстанның ұстанымын толық қолдап, мемлекетке тағылған барлық айыптауларды жоққа шығарды.
Айта кетейік, Қазақстан мүддесін Grata International және Enyo Law LLP заң фирмалары қорғады.
