Алматы. 5 қыркүйек. BM.KZ – Алматыда қоғамдық автобус электросамокатпен жаяу жүргіншілер жолынан өтпек болған екі қызды қағып кетті.
«2008 жылы туған екі қыз дене жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілді», — деп хабарлады полиция өкілдері.
Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр.
Айта кетейік, жаяу жүргіншілер өткелінен электросамокатпен өтуге болмайды. Бұл кезде самокаттан түсіп, жаяу жүру қажет дейді жауаптылар.
Сондай-ақ, бір электросамокатпен екі адамның жүруіне тыйым салынған.
