Астана. 8 қыркүйек. BM.KZ — Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев, халыққа жолдауында Жасанды интеллект министрлігін құруды тапсырды.
«Қолданыстағы салалық министрлік негізінде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құрып, оны вице-премьер деңгейіндегі маман басқаруы тиіс. Еліміз үш жылдың ішінде толық цифрландырылған ұлтқа айналуы тиіс», — деді Президент.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы цифрлық кодексті қабылдауды жеделдету қажеттігін атап өтті.
Жасанды интеллект саласын жүйелі түрде дамыту, еліміздің технологиялық әлеуетін арттырып, инновацияларды кеңінен енгізу және жаһандық бәсекеге қабілеттілігін нығайту үшін аса маңызды болмақ.
