Астана. 8 қыркүйек. BM.KZ – Енді басқару жүйесі бір палаталы Парламентке ауысады.
Мемлекет басшысы, Қазақстан халқына жолдауында елімізде көп ұзамай бір палаталы Парламент құрылатынын жеткізді.
«Мен Сенатқа он жыл басшылық еттім. Бұл жұмысты қашан да зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік деп санадым. Сондықтан маған осы мінберден парламенттік реформа туралы айту оңай емес. Соған қарамастан, мен дәл бүгін елімізде көп ұзамай бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтергім келеді», — деді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомат Тоқаевтың айтуынша, бұл талқылайды қажет етеді. Ол үшін 1 жыл уақыт берілетінін жеткізді.
«Бірден айтайын, бұл – өте маңызды мәселе. Оны асығыс жүзеге асыруға болмайды. Бұл реформа азаматтық секторда, сарапшылар ортасында, сондай-ақ, әрине, қазіргі Парламентте жан-жақты талқылануы қажет. Реформаның мән-маңызы айрықша екенін ескерсек, оны талқылауға бір жыл уақыт керек деп ойлаймын», — дейді өз жолдауында ел Президенті.
Ал осыған байланысты референдумды келер жылы өткізуді ұсынды.
«Содан кейін, яғни, 2027 жылы жалпыұлттық референдум өткізуге болар еді. Содан соң, Конституцияға тиісті өзгеріс енгізе аламыз. Мен мемлекеттің тағдырын айқындайтын барлық мәселе халықтың келісімімен ғана шешіледі деп бұған дейін бірнеше рет айттым. Егер бір палаталы Парламент құру қажет деген ортақ шешімге келсек, онда Парламентті тек қана партиялық тізім бойынша сайлаған жөн деп санаймын», — деді мемлекет басшысы өз сөзінде.
