Қазақстанда «Қарасора – 2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы нәтижесінде үш ай ішінде 9 есірткі зертханасы анықталған.Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап Polisia.kz хабарлайды.
Онда 27 мыңнан астам есірткі өсімдігі жойылды. Сонымен қатар, 3 ұйымдасқан қылмыстық топтың, оның ішінде бір трансұлттық топтың қызметі тоқтатылды.
Маусым айынан бері елімізде 20 есірткі егістігі табылып, 1 тоннадан астам еліктіргіш зат тәркіленді.
ІІМ дерегінше, үш айдың ішінде 677 есірткі қылмысы әшкереленген. Оның ішінде заңсыз егіс пен сату фактілері бар. Заңсыз айналымнан 2 тонна марихуана, ондаған келі гашиш пен синтетикалық есірткі, 3 тонна қарасора және 43 тоннадан астам көкнәр алынған.
Ең көп есірткілік зат табылаған аймақтың бірі — Түркістан облысы. Ондағы таулы және қол жетуі қиын аймақтарда 650 келіден астам қарасора мен 48 келі көкнәр өсімдігі тәркіленді.
Одан кейін Жамбыл облысында 206 келі астам есірткі заты анықталса, Батыс Қазақстанда бұл көшсеткіш 135 келіні құрады.
Ведомствоның мәліметінше, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл кешенді әрі жүйелі сипатқа ие болып, ел аумағында жалғаса береді.
