Астана. 11 қыркүйек. BM.KZ — Бұл туралы банк бүгін ресми мәлімдеме таратты.
«Құрметті клиенттер, 2025 жылдың 15 қыркүйегінен бастап enpf-otbasy.kz платформасында тіс емдеуге зейнетақы жинақтарын пайдалану бойынша өтінімдер қабылдау тоқтатылады», – деп жазылған банк мәлімдемесінде.
Ал осы күнге дейін берілген барлық өтінім қалыпты тәртіпте қаралады және өңделеді.
Тіс емдеуге БЖЗҚ қаражатын пайдалану үшін өтінім қабылдау қашан қайта басталатыны туралы қосымша хабарланады.
Айта кетейік, бұған дейін ҚМА БЖЗҚ-дан жалған стоматологиялық қызмет арқылы 200 млрд теңге шығарылғаны туралы ақпарат берген болатын.
