Астана. 11 қыркүйек. BM.KZ — Көрнекті қаламгер, көсемсөз шебері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Құрметті журналисі Қайым-Мұнар Табеевтің мезгілсіз дүниеден өтті.
Мәдениет және ақпарат министрлігі марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты.
Қайым-Мұнар Тұрдақынұлы қазақ әдебиеті мен журналистикасының дамуына елеулі үлес қосып, ел руханияты жолында қалтқысыз қызмет етті. Оның қаламынан туған мақалалары, Желтоқсан оқиғасы туралы зерттеулері, сондай-ақ ұлттық әдебиетіміздің қазынасын байытқан шығармалары ел жадында мәңгі сақталады.
