Астана. 15 қыркүйек. BM.KZ – Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды «Казахстанская правда».
Алғашқылардың бірі болып оқиға орнына полиция қызметкерлері жеткен. Белгілі болғаны, жылу торабын орналастырған жер опырылып кеткен.
«Семей қаласындағы «103 – 103А» қазандығынан «Нива» дүкенінің жылу пунктіне дейінгі магистральдық желіні қайта құру жобасы бойынша «Alyans XXI» ЖШС мердігер ұйымы жүргізген жөндеу жұмыстары кезінде осы мердігер ұйымға тиесілі SHACMAN маркалы арнайы техника жүргізушісі маневр жасау барысында жылу камерасына соқтығысып, соның салдарынан жол опырылып түсті», – деп түсіндірді Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы.
Мердігер ұйым оқиға салдарын жою және жол қозғалысын қалпына келтіру үшін қажетті техниканы оқиға орнына жеткізді.
