Елімізде іске асырылатын ірі электрэнегетикалық жобалардың бірі – ол Екібастұз – ГРЭС-де 550 мегаваттық 2 блок салу. Сондай-ақ Қарағандыда 140 мегаваттық қосымша турбина салу көзделген. Күшті жылу беретін ірі қазандық қолданысқа беріледі. Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов ОКҚ алаңында хабарлады.
«Өскемен, Жезқазған қалаларында да жылу орталықтарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тиісті келісім -шарттарға қол қойылады. Ол тек 86 мегаваттық электр қуатын беріп қана қоймай, жалпы жылумен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деді вице-министр.