Астана. 15 қыркүйек. BM.KZ – Алматының «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков төменгі жақ сүйегін сындырып, алдағы матчтарға қатыса алмайды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Kazinform.
Алдын ала диагноз – төменгі жақ сүйегінің сынуы. Өкінішке қарай, ол жақын арадағы ойындарға қатыса алмайды. Қосымша ақпарат кейінірек белгілі болады, – деді «Қайрат» ФК-ның медиа-офицері Арман Жақсығұлов.
Анарбеков жарақатты ел чемпионатының 23-турындағы «Ақтөбеге» қарсы матчта алған. Ойынның 10-шы минутында айып добын орындау сәтінде ол қонақтардың қорғаушысы Уче Агбомен соқтығысып, ойынды жалғастыра алмады. Футболшыны алаңнан зембілмен алып кетті.
