Астана. 17 қыркүйек. BM.KZ – Оған қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.
Instagram-дағы Prokadrykz аккаунтында Өскемен қаласының прокуроры Тимур Чақпантаевтың уақытша қызметінен шеттетілгені туралы ақпарат жарияланды.
Бұған дейін БАҚ-та және әлеуметтік желілерде Өскемен қаласының прокуроры Тимур Чақпантаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанны жайлы ақпарат тараған еді, деп хабарлайды Kazinform.
Ол бағыныштыларын ұрып-соқты деген күдік бар. Полиция әзірге бұл ақпаратты түсіндірген жоқ, алайда облыстық прокуратурада істің барын растады. Бірақ қызметкердің кінәсі әлі дәлелденуге тиіс.
Ресми мәліметке сәйкес, қала прокурорына қатысты қызметтік тергеу жүргізілу үстінде.
«Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңына сәйкес, Өскемен қаласының прокуроры жауапкершілігіне қатысты шешім қабылданғанға дейін уақытша қызметінен шеттетілді», – деп хабарлады облыстық прокуратура.
Ведомство сондай-ақ бұған дейін де осындай жағдайларға байланысты қала прокуратурасының басқа қызметкерлеріне тексеріс жүргізілгенін атап өтті. Фактілер ішінара расталып, кейбір қызметкерлер қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
