• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Шымкенттік өнертапқыш адам тасымалдайтын коптер жасап шығарды

Шымкенттік өнертапқыш адам тасымалдайтын коптер жасап шығарды

17 сентября, 2025 Басты тақырып
Фото: BM.KZ

Шымкент қаласының тұрғыны Филипп Герасимов өзінің үшжылдық еңбегінің жемісін алғаш рет көпшілікке таныстырды. Өнертапқыш қолдан жинаған коптерін Тәуелсіздік саябағының автотұрағына көлігімен жеткізіп, арнайы демонстрация өткізді. Оның айтуынша, бұл құрылғы жай әуеге көтерілетін құрал емес, болашақтың көлігі.

Филипптің айтуынша, коптерді жинау оңай болмаған. Салмағы 50 келіге жуықтайтын бұл «темір құстың» қалақтары ұшар алдында қолмен ашылады. Жобаны құрастыру барысында түрлі сәтсіздіктер мен техникалық қиындықтар кездескен. Бірнеше рет құлаған, дұрыс емес шешімдер қабылданған сәттер де болған. Алайда шебер, бастаған ісін соңына дейін жеткізуді мақсат етіп, қателіктермен жұмыс істеуді жалғастырған.

«Бұл, раманың екінші нұсқасы. Бұған дейін мүлде басқа формада болған. Жалпы алғанда, жобаны іске асыруға үш жыл уақыт кетті», – дейді өнертапқыш.

Фото: BM.KZ

Коптердің барлық бөлшегі өз қолымен жасалған. Негізгі құрылым темір рама, оны да өзі жобалап, жинап шыққан. Ең қызығы, бұл рама кез келген формада бола алады, себебі құрылғының барлық компоненті басқа рамаға оңай ауыстырылады. Өнертапқыштың айтуынша, бұл коптер 120 келіге дейінгі адамды көтере алады. Ұшу принципі қарапайым, неғұрлым жеңіл болсаң, соғұрлым ұзақ әуеде боласың. Бірақ бұл да өзгертілетін дүние. Сапалы бөлшектер қойылса, құрылғының көтергіштігі мен тұрақтылығы арта түседі.

Айта кету керек, бұған дейінгі барлық сынақ қала сыртындағы ашық алаңдарда жүргізілген. Сол жерде коптердің қуаты мен мүмкіндіктері толықтай сыналған.

«Бұл жобаны түрлі салада қолдануға болады. Мәселен, өрт сөндіру, құтқару, жедел медициналық тасымал секілді. Қазіргі рама адамның отыруына арналған, бірақ болашақта кез келген формаға өзгертуге болады. Бұл басқаруға әсер етпейді», – дейді өнертапқыш.

Фото: BM.KZ

Филипп Герасимов, кәсіби білімі жоқ, өздігінен үйренген өнертапқыш. Қазір ол жұмыс пен қатар жаңа жобаларды қарастырып жүр.  Айтуынша, дәл осындай коптерді Орталық Азияда қолдан жасай алған ешкім жоқ. Оның арманы, осы жобаны елге пайдалы деңгейге жеткізу. Тіпті, салыстырмалы түрде алғанда, өнертапқыш шетелдік өндірушілердің осындай коптерлерінің құны 30 миллион теңгеге дейін жететінін айтады. Ал, ол өз жобасын әлдеқайда қолжетімді әрі жергілікті өндіріс ретінде ұсынуды көздеп отыр.

«Алда әлі де атқарылар жұмыс көп. Дегенмен, сенімім мол. Осы жасаған, ұшатын құрылғы елімізде түрлі салаларда кеңінен қолданысқа еніп, үлкен сұранысқа ие болады деп сенемін», – деді ол.

Нұргүл Ерғалиқызы,

Шымкент, BM.KZ

коптер өнертапқыш Филипп Герасимов Шымкент

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Семейдің қақ ортасында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

15 сентября, 2025346 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.