Астана. 18 қыркүйек. BM.KZ – Жеңіл көлік жүргізушісі мен екі жолаушы алған жарақаттарының салдарынан көз жұмды.
«2025 жылғы 17 қыркүйекте сағат 00:54-те Акадыр — Қарағанды учаскесінде, Жарық — Дария аралығындағы күзетілмейтін реттелетін теміржол өткелінде сағатына 92 км жылдамдықпен келе жатқан жолаушылар пойызының машинисі жолға шығып кеткен Mazda маркалы автокөлікті байқап, шұғыл тежегіш басты. Алайда соғысудың алдын алу мүмкін болмады», — деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.
Жеңіл көлік жүргізушісі мен екі жолаушы алған жарақаттарының салдарынан қаза болды.
Оқиға жөніндегі ақпарат құқық қорғау органдарына берілді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтып, барлық жол қозғалысына қатысушыларды теміржол өткелдерінен өту ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Әсіресе түнгі уақытта мұқият болу қажеттігін атап өтті.
