Астана. 19 қыркүйек. BM.KZ — Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Президент қаулысына сәйкес, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің құқықтары мен міндеттері жаңа министрлікке, сондай-ақ, Ғылым және жоғары білім министрліктеріне беріледі.
Айта кетейік, мұндай жаңа министрлік құру қажет екенін президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 8 қыркүйекте өткен Жолдауында айтқан еді.
