Астана. 19 қыркүйек. BM.KZ – Қалалық білім басқармасы Шымкенттегі балабақшаға тексеріс басталғанын хабарлады, деп жазады Kazinform.
Асар шағын ауданындағы жекеменшік «Березка» бөбекжайына баратын бүлдіршіндердің ата-аналары полицияға жүгініп, эпидемиологтардың шұғыл тексеруін талап етті.
Ата-аналар бейнебақылау камераларындағы жазбаларды көріп, балалардың жағдайына шошыған. Түскі ас кезінде бүлдіршіндерді бір табақтан, бір қасықпен тамақтандырған, олардың бір бөлігі еденде отырған.
Бейнежазбадан соң бірнеше ата-ана ас блогына кіріп көрді. Онда бәрі күйе мен кір-қоқысқа толы болып шыққан: тіпті әжетханада кір ыдысқа толы раковина тұрған, ал ас үйде тышқандар жүгіріп жүрген.
Газ плиталары күйе-күйе, ас бөлмесін кір, шаң, адам сенгісіз антисанитария мен тышқандар. Балалардың тамағында ет болмашы ғана. Олар үйге аш келетін болды, — дейді ашынған ата-аналар.
Қалалық білім басқармасының мәліметінше, балабақшаға санитарлық-эпидемиологиялық қызмет пен білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің өкілдері бармақ.
Ата-аналар сонымен қатар полицияға арызданды.
