Астана. 23 қыркүйек. BM.KZ – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке жасаған сапары барысында АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездесті, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
Келіссөздер барысында Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының екіжақты ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды. Әсіресе экономика мен сауда саласындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге ерекше назар аударылды.
Дональд Трамп Қазақстанмен серіктестікті нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, экономикалық қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруге ниетті екенін жеткізді.
Сонымен қатар тараптар халықаралық жағдайға қатысты бірқатар өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
