Астана. 23 қыркүйек. BM.KZ – Қазақстан Президенті бұл аса күрделі жағдайда қақтығысты тоқтатудың жолдарын іздеу үшін дипломатиялық жұмысты жалғастыру қажет деген пікір білдірді.
Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
Тараптар екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Қазақстан Президенті бұл аса күрделі жағдайда қақтығысты тоқтатудың жолдарын іздеу үшін дипломатиялық жұмысты жалғастыру қажет деген пікір білдірді.
