Астана. 23 қыркүйек. BM.KZ – Қазақстанда теңгемен қамтамасыз етілген алғашқы қазақстандық стейблкоин айналымға енгізілді. Жаңа стейблкоин EVO деп аталады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов хабарлады.
Оның айтуынша, жаңа қаражат түрі Ұлттық банктің реттеушілік қызметі («песочница») аясында іске қосылып отыр.
Жобаны жүзеге асырғандар қатарында Intebix компаниясы, оның серіктестері Solana мен Mastercard, сондай-ақ, Еуразиялық банк бар. Теңгеге байланған жаңа цифрлық актив криптовалютамен алмасуға және криптокарталар арқылы төлем жасауға қолданылмақ.
Тимур Сүлейменовтің айтуынша, мұндай бастама ішкі нарықтағы өтімділікті сақтап қана қоймай, қолданыстағы қаржылық жүйемен үйлесімділікті арттырады және Қазақстанның цифрлық активтер экожүйесінің дамуына серпін береді.
